Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО жолдарында автопатруль макеттері пайда болды

2020 жылдың 21 қазан 2020 10:14

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында автопатрульдердің 14 макеті орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аудандық бөліністердің басшылары автопатруль макеттерін жолдарда

құқықбұзушылықтардың алдын алудың қосымша элементі ретінде қолданбақ. Олар апаттар жиі орын алатын учаскелерге орнатылды.

Мамандардың айтуынша, жылдамдық өлшегіштер, алыстан көрінетін жол белгілері жүргізушілерді тәртіпке салуда «көмекші» құралдар.

«Құқықтық тәртіпті нығайту үшін жолдарды қосымша жабдықтау мәселесі үнемі бақылауда.

Апаттылық деңгейіне әсер ететін негізгі фактор - жүргізушілердің тәртібі», - деді СҚО ПД бастығы Марат Төлебаев.

Жыл басынан бері СҚО-да жол-көлік оқиғалары салдарынан 21 адам көз жұмды, олардың жартысынан көбі республикалық және жергілікті




маңызы бар жолдарда болған. Яғни 29 апат тіркеліп, 11 адамның өмірі қиылды.

Мамандардың айтуынша, республикалық маңызы бар жолдарда жаяу жүргіншілер өтетін елді мекен маңдарында жүргізушілердің назарын аударатын 30 белсенді жол белгісі орнатылған. Соның 14-і автопатруль макеттері.

Жалпы СҚО-да күн сайын жолдарды патрульдеу үшін 15 экипаж шығады, олар тек заңдылықты қадағалап қана қоймай, кез келген күтпеген жағдайда адамдарға көмектесуге дайын.





Жоғары қарай