Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО тұрғындарының жылуға төлеген 22 млн теңгесі өздеріне қайтарылды

2020 жылдың 6 шілде 2020 02:40

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына жылу үшін 22,5 млн теңгеден астам сомаға қайта есептеу жасалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық экономика министрі бекіткен тариф қалыптастыру қағидаларына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысында жылу энергиясын есептеу аспабы жоқ тұтынушыларға жылумен жабдықтау қызметін көрсететін табиғи монополияның 11 субъектісіне тексеру жүргізілген. Сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау қызметінің құны қайта есептелді.

Тұтынушылар құқығын қорғау мақсатында табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті жоғарыда аталған қағида талаптарына сәйкес, сыртқы ауаның нақты температурасына сүйене отырып, тұтынушыларға жылу энергиясының құнын қайта есептеу жұмысын аяқтады.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өткен жылыту кезеңінде жылу энергиясын есептеу аспабы жоқ тұтынушыларға 2019-2020 жылғы жылыту кезеңі үшін жалпы сомасы 22 562 883,65 теңге, оның ішінде «Севказэнергосбыт» ЖШС бойынша 19 258 736,24 теңге қайта есептелді.

Осылайша Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жүргізілген қайта есептеуге сәйкес тұтынушыларға ақшалай қаражат қайтарылған.


Жоғары қарай