Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО тұрғындары коронавирусты көбінде қай жерде жұқтырады

2021 жылдың 30 қазан 2021 16:34

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында коронавирусты жұқтыру көрсеткіші еліміз бойынша алдыңғы орындарда. Соңғы екі аптада ауру көрсеткіші 1,4 есе өскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде коронавирустың таралуы және вакцинация барысы бойынша өңірдегі жағдай баяндалды.

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Арман Күшбасовтың айтуынша, эпидемиологиялық жағдай мәз емес.

Өткен екі аптада қауіпті вирусты жұқтыру 1,4 есеге артқан.

Соңғы тәулікте қауіпті инфекция жаңадан 163 адамда анықталды. Оның 90 %-ында ауру белгілері бар.

«Облыста ауру көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда соңғы жеті күнде 195,7-ге жетті, бұл - республика бойынша жоғары көрсеткіштердің бірі. Өңір 2 қазаннан «қызыл» аймақта. Эпидемиологиялық тергеу кезінде тұрғындардың коронавирусты ең көп қайда жұқтыратыны белгілі болды. Ауырғандардың 42 % КВИ-ді адам көп жиналатын – сауда орындарында, қоғамдық тамақтану орындарында, поштада, банктер мен халыққа қызмет көрсету орталықтарында жұқтырған. Екінші орында 24,3 %-бен отбасы тұр. Сондай-ақ тұрғындардың 21 % қоғамдық көлікте жұқтырған. Халықтың 9 % қауіпті инфекцияны халық көп жиналған іс-шараларда, соның ішінде ойын-тойларда, 2 % – жұмыста, 1,7 % – облыс ішінде және тыс сапар барысында жұқтырды», - дейді Арман Күшбасов.


Жоғары қарай