Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО трассасында көлік 16 қойды соқты

2021 жылдың 12 қазан 2021 13:17

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында жеңіл көлік жүргізушісі жолға шыққан қоймен соқтығысып, салдарынан бірнеше мал өлді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Соғылған қойлар әр жерде шашылып қалған.

Бұл дерекке қатысты СҚО полиция департаменті түсінік берді.

«12 қазан күні сағат 09.15-те Шал ақын ауданының 68 жастағы тұрғыны Mitsubishi көлігімен «Жезқазған-Петропавл» тасжолының Есіл ауданы Қаратал ауылының маңында қойларды соқты. Салдарынан 16 бас малға зақым келді. Жол-көлік оқиғасы мал өтетіндігі туралы ескерту белгісінің аумағында болған. Жүргізуші аман, көлік механикалық зақымданды.

Қазіргі уақытта СҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері материал жинап, жол учаскесінің осы бөлігінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуде.


Бұған дейін Тайынша ауданының Кременчуг елді мекенінің маңында 14 қойдың көлік астына түсіп қырылғанын айтқан едік.

Қыркүйек айының соңында Есіл ауданы Явленка елді мекенінің ауылында да осыған ұқсас жол-көлік оқиғасы тіркелді.



Жоғары қарай