Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

СҚО шекара қызметі Ресейге мұнай өнімдерін өткізуге шектеу қойылғандығын ескертті

2021 жылдың 21 желтоқсан 2021 16:15

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының шекара қызметі департаменті мемлекеттік шекара арқылы Қазақстаннан Ресейге мұнай өнімдері мен ағаш материалдардың бірқатар түрін өткізуге шектеу қойылғандығын ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің СҚО бойынша департаментінің мәліметінше, ҚР мемлекеттік шекарасының өткізу бекеттері арқылы Ресейге мұнай өнімдерінің кей түрлерін, соның ішінде сұйытылған мұнай газын, бензинді, дизель отынын өткізуге шектеу қойылған. Сондай-ақ ағаш материалдардың бірқатар түрін де шетке шығаруға рұқсат жоқ. Талапты орындамай, шекарадан өткізуге тыйым салынған заттармен ұсталғандарға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік бар.

СҚО-да биыл 13 мамыр күні «Жаңа Жол» автомобильмен өткізу бекетінде шекарашылар ресейлік азаматтарды ұстады. Олар 1100 литр дизель отынын ыдыстарға құйып, алып өтпек болды.


Жоғары қарай