Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО полицейлері «Жолда қабылдау» акциясында 150-ден астам сұраққа жауап берді

2021 жылдың 20 қыркүйек 2021 04:23

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер екі күндік «Жолда қабылдау» акциясын өткізіп, онлайн кеңес ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция қызметкерлері Instagram мен Facebook-тегі ведомствоның ресми аккаунттарынан сегіз рет тікелей эфирге шығып, «Жолда қабылдау» екікүндік акция аясында онлайн кеңес ұйымдастырылды. Облыстық полиция қызметкерлерінен бөлек, тікелей эфирлерге қалалық және аудандық бөлімдердің полицейлері де шықты.

«Жол қозғалысы қауіпсіздігін ұйымдастыру мен қамтамасыз ету, қаруды тіркеу, көші-қон мәселелері – эфир барысында түрлі сипаттағы ондаған сұрақтар келіп түсті. Әр сұраққа жауап беріліп, кей мәселелер анықтау және алдағы уақытта шешу үшін назарға алынды», - дейді СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ерлан Мәдиев.

Әкімшілік полицейлер тікелей эфирде онлайн байланыстан бөлек, «кері байланыс» арқылы WhatsApp пен арнайы құрылған Call-орталықта сұрақтарды қабылдады. Жалпы, «Жолда қабылдау» өткен екі күнде өңдеуге 150-ден аса сұрақ келіп түсті.

«Ашықтық пен айқындылық, ішкі істер органдарының құзыретіне кіретін мәселелерге жедел ден қою – қазіргі заманғы полиция жұмысына қойылатын негізгі талаптар. Сонымен қатар, әлеуметтік желі қолданушыларымен конструктивті диалог құру «сақадай сай тұруға» және қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша уақтылы шара қабылдауға септігін тигізеді. 2021 жыл біздің жүйе үшін «Құқық бұзушылықтардың алдын алу және «халыққа жақын полиция» қағидатын қамтамасыз ету жылы» болып бекітілген», - деп атап өтті СҚО ПД бастығы Марат Төлебаев.


Жоғары қарай