Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО полицейлері шомылу маусымы басталғалы су қоймаларына 700 рейд жүргізді

2021 жылдың 14 маусым 2021 20:15

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында өзен-көлдерге рейдке шығып тұрады. Осындай жұмыстың нәтижесінде белгіленбеген жерде суға шомылудың 25 дерегі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, суға шомылу орындарына рейд жүргізу – полицейлердің жаз кезіндегі жұмысының бірі.

Тәртіп сақшылары төтенше жағдайлар қызметімен бірлесе арнайы жабдықталмаған жағажайларды тексереді.

СҚО-да ыстық күндер басталғалы 700-ге жуық рейд жүргізіліп, белгіленбеген жерде суға шомылудың 25 дерегі тіркелді.

Талапты бұзғандарға бірінші рет ескерту жасалды. Ал құқық бұзушылық бір жылдың ішінде қайталанып жасалса, 2 АЕК мөлшерінде айыппұл салынбақ.

Бұдан бөлек, қалалық жағажайда күнде ювеналдық полицейлер кезекшілік атқарады.

Олар жағажайға заңды өкілдерінсіз келетін балалармен профилактикалық әңгіме жүргізіп, ересектердің бақылауынсыз суға түсудің қаупін түсіндіреді.

Сондай-ақ полицейлер ата-аналармен әңгімелесіп, балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.

«Ювеналдық полицейлер де белгіленбеген жерлер бойынша рейдтер жүргізеді. Ата-аналар жағаға балаларымен келіп, спирттік ішімдіктер ішеді, бұл алаңдатарлық жағдай. Жағада алкоголь ішіп демалуға болмайтынын ұмытпаған жөн. Солтүстікқазақстандықтарды арнайы жабдықталған орындарда суға түсуге, жағажайда ішімдік ішпеуге және өмірлерін қауіпке тікпеуге шақырамыз», - деп хабарлайды СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Григорий Тыш.


Жоғары қарай