Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

СҚО өзенінде су деңгейі бір тәулікте 167 см көтерілді

2020 жылдың 6 сәуір 2020 21:35

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы Ғ.Мүсірепов ауданындағы Ковыльное, Возвышенко елді мекендерінің жанынан өтетін Ақанбұрлық өзенінің су деңгейі күннен-күнге көтеріліп келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидромет» РМК СҚО филиалының мәліметінше, Ақанбұрлық өзенінің деңгейі Ковыльное елді мекенінің маңында бір тәулікте 167 см көтерілсе, Возвышенкода 154 см артқан. Бұл жерлерде мұз кептелісі байқалады. Ал Гусаковка елді мекені маңынан өтетін Бабықбұрлық өзені 84 см көтерілді.

Есіл өзенінің де суы күннен-күнге молайып жатыр. Ғ.Мүсірепов ауданындағы Тоқсан би ауылының жанында өзен деңгейі бір тәулікте бірден 135 см, Сергеевка қаласының маңында 99 см, Есіл ауданы Покровка елді мекенінің маңында 117 см, ал Қызылжар ауданы Новоникольское елді мекенінде 52 см артқан.

«Сергеев су қоймасында су деңгейі 890 см жетті. Бір тәуліктегі өзгеріс 20 см. Су қоймасынан секундына 453 текше метр су жіберіліп жатыр. Бөгеттен биіктігі 90 см су асып төгіліп жатыр. Петропавл су қоймасында су деңгейі 707 см, бір тәуліктегі өзгеріс - 4 см», - делінген «Қазгидромет» РМК СҚОФ хабарламасында.


Жоғары қарай