Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-ның Тайынша ауданына жаңа әкім тағайындалды

2020 жылдың 28 қазан 2020 18:23

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының активіне жаңа әкім Руслан Аңбаев таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнің өкiмiмен Тайынша ауданының әкімі болып Руслан Әкімжанұлы Аңбаев тағайындалды. Аудан активіне жаңа әкімді өңір басшысы Құмар Ақсақалов таныстырды.

Руслан Аңбаев СҚО, Тимирязев ауданына қарасты Целинное елдімекенінде 1978 жылы қараша айында дүниеге келген.

М. Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан университетiн экономист-менеджер мамандығы бойынша тәмамдады, сондай-ақ юриспруденция бакалавры.





Еңбек жолын 1999 жылы Тимирязев ауданы бойынша салық комитетiнде аудит бөлiмiнiң аға салық инспекторы болып бастады.

2002 жылдан 2015 жылға дейiн Есіл, Тайынша және Тимирязев аудандарындағы салық қызметі органдарында әр түрлі қызметтерді атқарды.

2015-2019 жылдар аралығында СҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары.





2019 жылдың қаңтарынан соңғы тағайындауға дейін Мамлют ауданының әкімі болды.

Бұған дейін Мамлют ауданына жаңа әкім тағайындалғанын хабарлаған едік.



Жоғары қарай