Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-ның 400 полицейі заңсыз мигранттарға рейд ұйымдастырды

2016 жылдың 4 желтоқсан 2016 00:14

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында 400 полицей елде заңсыз жүрген мигранттарды анықтау мақсатында рейд өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.





Үш күннің ішінде СҚО-да көші-қон заңнамасын бұзудың 354 фактісі анықталды. Соттардың қаулысымен 15 шетелдік Қазақстан аумағынан аластатылды. Олардың үшеуі елде болу ережесін бір жылдың ішінде екінші рет бұзып отыр. Операция барысында іздеуде болған 2 қылмыскер анықталды. Жеке тұлғасын анықтау мақсатында 12 адам қабылдау-тарату орындарына жеткізілді. 87 шетелдік азаматқа қатысты елде болу мерзімін қысқарту туралы шешім қабылданды.





Ағымдағы жылдың 11 айында облыстың ішкі істер органдарында 20700-ден астам шетелдік азамат тіркелді. Шетелдіктердің жеке тұлғаларда еңбек етуіне рұқсат қағаздары 2171 азаматқа берілді. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 3140 шетелдік жауапқа тартылды.




Жоғары қарай