Ауа райы
Астана -14 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО: Қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлері провизорлық орталыққа көмек көрсетті

2020 жылдың 16 шілде 2020 11:32

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) жеке құрамы Петропавлдағы провизорлық стационардың біріне қажетті керек-жарақтарын жеткізіп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, департамент ұжымы қайырымдылық көмек көрсетпес бұрын хабарласып, не қажет екенін білген. Олар М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің бірінші жатақханасында 6 шілде күні ашылған провизорлық стационарды таңдаған. 200 орынға шақталған орталықта қазір 120 адам ем алып жатыр. Стационарда 17 медицина қызметкері жұмыс істеуде.

«Бізге хабарласып, не керек, не әкелейік деп сұрап жатқандар көп. Бұл жаңадан ашылған стационар болғандықтан, аурухана сияқты емес. Жағдай толығымен жасалмаған», - дейді СҚО көпсалалы аурухананың бас мейірбикесі Ирина Зайнутдинова.

ҚАЖД ұжымы шамамен 700 мың теңге жинап, провизорлық стационарға ауыз су, шай, кофе, бір реттік ыдыс, азық-түлік, сүлгі мен электр шәйнектерін, сондай-ақ гигиена құралдарын жеткізді.

«Медицина қызметкерлері тәулігіне 24 сағат бойы демалыссыз жұмыс істеп, ауырған тұрғындарды аяққа тұрғызу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр. Біздің ұжым осындай қиын сәтте оларға көмектесеміз деп шешім қабылдап, алдын ала қажетті заттар тізімін сұрап алдық. Бұл акциямыз бір реттік емес, алда да көмектесеміз», - дейді СҚО бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Александр Кочкин.

Осындай қайырымдылық көмекті облыстың ҚАЖД қарайтын барлық мекемелері, сондай-ақ пробация қызметінің аудандық бөлімдерінің инспекторлары көрсетті. Мұқтаж отбасылар мен пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға жеке қорғаныс құралдары, антисептиктер, маскалар, сондай-ақ бірінші қажеттілік бұйымдары таратылды.





Жоғары қарай