Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО көктемгі егіске 68,2 мың тонна арзандатылған дизель отынын алады

2021 жылдың 14 мамыр 2021 16:56

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы көктемгі егіс науқанын 5 маусымға дейін аяқтамақ. Тұқым, техника, дизель отыны жеткілікті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, шаруашылықтар қажетті тұқыммен толық қамтамасыз етілді.

Жалпы көлемі 479 мың тонна, оның ішінде дәнді және бұршақ дақылдары 387 мың тоннаны, майлы дақылдар 29 мың тоннаны, жем-шөп 1400 тоннаны, картоп 61 мың тоннаны құрайды. Барлық тұқым сапалы.

«Біздің облыс үшін көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге Павлодар және Атырау мұнай-химия зауыттарынан 68,2 мың тонна арзандатылған дизель отыны жеткізіледі. Наурыз-сәуір айларында арнайы кестеге сәйкес 37 мың тонна дизель отыны алынды, олар бойынша шаруашылықтармен шарттар жасалды. Мамыр айында 30,9 мың тонна дизель отыны жеткізіледі деп жоспарланған. Наурыз-мамыр айларында агроқұрылымдар үшін дизель отынының соңғы бағасы 1 литр үшін 172 теңгені құрайды», - дейді СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бас маманы Нарғыз Ақжігітова.

Маманның айтуынша, минералдық тыңайтқыштарды жеткізушілерден сатып алуға жалпы көлемі 148 мың тоннаның шарты жасалды. Бүгінгі күні зауыттар мен жеткізушілердің деректері бойынша, 135 мың тоннаның ақшасы төленді және 93 мың тонна тиеліп, жөнелтілді.

Өңірде егіс алқаптары минералды тыңайтқыштармен байытылып жатыр.

Бүгінгі күні топыраққа 752 мың га алаңға 55 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізілді.

Еске сала кетсек, бұған дейін СҚО-да көктемгі егістің басталғанын айтқан едік. Биыл өңірде қарақұмық алқабы 2,4 есе ұлғайды.


Жоғары қарай