Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО: Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда 54 ауылдың тұрғындары қатынап барып дауыс берді

2021 жылдың 25 шілде 2021 15:34

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда сайлау учаскелерінің болмауына байланысты 54 елді мекеннің тұрғындары бүгін қатынап барып дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО-да бүгін ауыл әкімдерінің сайлауына 218 елді мекеннің 60 мыңнан астам тұрғыны қатысып жатыр. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда сайлау учаскесі жоқ 54 ауыл тұрғындары сайлауға қатысуы үшін арнайы көлік ұйымдастырылды.

Облыстағы ең шалғай жатқан ауылдық округ те осы ауданда орналасқан. Қырымбет ауылдық округі мен аудан орталығы – Новоишимканың ара қашықтығы – 170 км.

Сондай-ақ ауылдық округтер арасында сайлаушылары ең көп ауылдық округ те осы ауданға тиесілі. Болашағы зор Нежинка ауылдық округінде бүгін 1941 адам дауыс беріп жатыр.

Жалпы ауданда бүгін 3 ауылдық округте тұрғындар ауыл әкімдерін сайлап жатыр. Сайлауға 9 кандидат түскен. 3 үміткер партиялардан және 6 кандидат өзін өзі ұсынғандар.

«Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның 3 ауылдық округында 2462 сайлаушы бар. Сайлаудың әділ өтуі байұқаушылардың назарында. Ешқандай заңбұзушылықтар тіркелген жоқ. Барлық учаскелерде санитарлық нормалар сақталған», - дейді Ғ.Мүсірепов атындағы аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрсадық Барақаев.


Жоғары қарай