Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-дағы колониялардың бірінде сұйық май өндірісі қолға алынды

2020 жылдың 28 мамыр 2020 20:15

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысындағы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЕС-164/3 мекемесінде өсімдік майын өндіретін цех ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жазасын өтеушілерді жұмысқа тартып, жаңа өндіріс орындарын ұйымдастыру үшін сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімшесінің қызметкерлері кәсіпкерлік субъектілерін тарту бойынша жұмыс атқарады. Нәтижесінде ЕС-164/3 мекемесінің аумағында ақпан айында «SK ADS» ЖШС құрылды. Шағын кәсіпорын күнбағыс майын шығаруды қолға алды.

Өсімдік майын шығаратын цехқа қажетті станоктарды орнатуға қалып жасау үшін үш сотталған жұмылдырылды. Бұл жұмыс атқарылғаннан кейін кәсіпкер күнбағысты өңдейтін үш станок жеткізді. Оның біреуі дақылды кептіреді, екіншісі қабығын аршиды, ал үшіншісі дақылды сығып, май шығаратын станок.

«Көп жұмыс атқарылды. Электр қуатын тарту қажет болды, станоктар орнатылды. Шикізат жеткізіліп, қондырғыны жөнге келтіру барысында алғашқы сұйық май алынды. Бұл май мал шаруашылығында қолданылады. Өйткені тазартылмаған май. Ал жомы қала мен облыстың құс фермаларына сатылады. Сондай-ақ оны Петропавлдағы балық аулау дүкендеріне жеткізу мәселесі шешіліп жатыр», - дейді СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/3 мекемесінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімшесінің бастығы Сергей Саулов.

Цех толық іске қосылған уақытта жұмысшылар саны үшеуден онға дейін артпақ.











Жоғары қарай