Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да жүк көлігі полицейлердің бақылау бекетіне соғылды

2021 жылдың 23 шілде 2021 11:51

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында КамАЗ көлігінің жүргізушісі Мамлютка жолында бос тұрған полицейлердің бақылау бекетін соқты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желідегі СҚО-ның жергілікті пабликтерінде Мамлютка тас жолында жабық тұрған полицейлердің бақылау бекетіне КамАЗ көлігінің соғылған фотосуреті тарады.

Петропавл қаласы полиция басқармасы бұл оқиғаға қатысты түсінік берді.

«23 шілде күні сағат таңғы 06.00 шамасында Мағжан Жұмабаев ауданының 64 жастағы тұрғыны КамаАЗ көлігімен Мамлют жолында жабық тұрған полицейлердің «Западный» бақылау бекетін соқты. Ер адам сүт апара жатқан. Апат салдарынан ғимарат зақымданды. Зардап шеккендер жоқ. Жүргізуші спирттік ішімдік ішпеген», - делінген хабарламада.

Полицейлердің айтуынша, осы оқиғаға байланысты КамАЗ жүргізушісіне «Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.


Жоғары қарай