Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да жоғалған ер адамды сүңгуірлер Есіл өзенінен іздеп жатыр

2021 жылдың 16 маусым 2021 13:34

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында сүңгуірлер жоғалған 69 жастағы ер адамды Есіл өзенінен іздеп жатыр, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға Есіл ауданы Бірлік ауылында болған. 14 маусым күні кешқұрым 1952 жылы туған ер адам белгісіз жағдайда Есіл өзенінің жағасынан жоғалған.

Іздеу жұмыстарына СҚО ТЖД жедел-құтқару отрядының мамандары, Есіл ауданы № 7 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы, полиция, жергілікті атқарушы орган өкілдері және жергілікті тұрғындар мен ер адамның туыстары қатысып жатыр. Оқиға орнында барлығы 25 адам жүр, 4 техника мен бір қайық жұмылдырылған.

Өзен түбінің тегіс болмауы, саз, салдарынан лай су және иірімдердің көптігі сүңгуірлердің жұмысын қиындатқан.

Жалпы, жыл басынан СҚО-да 7 адам суға кетті, оның үшеуі – бала.

Облысқа аптап ыстық келді. Осыған орай 112 қызметі sms-хабарлама арқылы тұрғындарды ескертіп жатыр. Бүгін-ертең өңірде ауа температурасы 38 градусқа дейін көтерілмек.


Жоғары қарай