Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да жасөспірімдер зиратты қиратқан

2020 жылдың 14 қыркүйек 2020 22:31

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында үш жасөспірім бірнеше моланы бұзып, зираттың қасындағы шағын шіркеудің терезесін сындырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Айыртау ауданындағы зираттағы құлпытас пен қоршаудың бұзылғанын жергілікті тұрғындар байқаған. Бірден тәртіп сақшыларын шақырып, аудан полицейлері сотқа дейінгі тергеу жүргізді.

Жедел-тергеу тобының қызметкерлері 12 құлпытас пен қоршаудың бұзылғанын тіркеді. Бір ескерткішке акрил бояуы құйылған. Бұдан бөлек, зират маңында орналасқан шағын шіркеудің терезесі сынған.











Полицейлер қылмыс жасады деген күдікпен үш оқушыны ұстады.

Бірнеше күн бұрын жасөспірімдердің зират жақта жүргені анықталды. Олар өздерінің бұл бұзақылыққа қатысты бар екенін мойындады. Балалардың жасы 10-12-де ғана.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында қосымша тергеу жүргізілуде, аталған амалдар аяқталған соң түпкілікті процессуалды шешім қабылданады. Өлген адамдар жерленген жерлердi қорлау фактісі Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді», - дейді Айыртау ауданы ПБ бастығы Абылғазы Ғабдуллин.


Жоғары қарай