Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да жасөспірім бала граната тауып алды: Тұрғындар эвакуацияланды

2021 жылдың 15 қазан 2021 15:21

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында 17 жастағы ауыл тұрғыны алаңқайдан жауынгерлік ескі гранатаны тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қызылжар ауданындағы ауылдардың бірінің 17 жастағы тұрғыны алаңқайдан гранатаға ұқсас зат тауып алды. Тат басқан бұйымды көрсету үшін ол апайының үйіне әкелген. Қауіптенген әйел бірден полицияға хабар берген.

Соколов поселкелік полиция бөлімшесінің қызметкерлері оқиға орнын қоршауға алып, жақын маңдағы үш үйдің жеті тұрғынын қауіпсіз жерге көшірді. Оқиға орнына жеткен жарғыш-техниктер қауіпті затты арнайы қалыпқа салды. Табылған зат кеңестік заманнан қалған жаяу әскерде қолданылатын «УЗРГМ» тұтандырғышы бар «РГД» гранатасы болып шықты.

«Граната сараптамаға жіберілді, кейін арнайы полигонда жойылатын болады. Жарылғыш заттарға ұқсас зат табылған жағдайда зарядтың өздігінен жарылуын болдырмау үшін оларды ұстауға, орнынан қозғауға болмайтынын еске саламыз», - дейді Қызылжар ауданы полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Нұрлыжан Ақтанов.


Жоғары қарай