Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да жанармай таситын көлік жол жиегіндегі жыраға түсіп кетті

2020 жылдың 3 желтоқсан 2020 11:17

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында патрульді полицейлер мен «Казахавтодор» ЖШС қызметкерлері жол жиегіндегі жыраға түсіп кеткен жанармай таситын көлікті шығарып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қостанай тұрғыны Игорь Моисов кешке жанармай таситын «КамАЗ» көлігімен Қостанайдан Омбыға қарай жолға шыққан. Пресновка елдімекенінің маңында Мамлютка-Қостанай жолында жүк көлігі жыраға түсіп кетеді. Цистернасы бос болған.

Жүргізуші аман-есен, ол бірден «102» арнасына қоңырау шалды. Оқиға орнына патрульдік полиция батальонының экипажы жетіп, жағдайды анықтағаннан кейін «Казахавтодор» ЖШС облыстық филиалының N67 жол пайдалану учаскесінің бастығы Вадим Бикиннен көмек сұрайды.

Көп ұзамай ДЭУ қызметкері Владимир Крейс трактормен көмекке келіп, жүк көлігі сапарын жалғастырды. Патрульдік полицейлер осы уақытта қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

«Казахавтодор» ЖШС жұмысшылары мен ауылдық жерлердегі ЖШС басшыларының көмегі орасан зор. Батальон қызметкерлері жолда қалған көлікті өздігінен шығара алмайтын жағдайда болса, бірден хабарласады. Олар боранға немесе жаңбырға қарамастан, кез-келген уақытта көмекке келеді. Тәртіп сақшылары тұрғындардың көрсеткен көмектерін жоғары бағалайды, яғни бұл құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде мақсатымыздың бір екендігін көрсетеді», - дейді СҚО ПД Патрульдік полиция батальонының командирі Ерлан Мәдиев.




Қостанай қаласының тұрғыны Игорь Моисов келесі күні СҚО полициясы патрульдік полицейлердің жолда көмектескен жедел әрекеттеріне ризашылығын білдіріп, қоңырау шалды.


Жоғары қарай