Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

СҚО-да жаңа тұрғын үйдің кіреберісі құлады

2019 жылдың 29 қазан 2019 19:13

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданында екі қабатты үйдің қабырғасы құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желіде тараған суреттерде құлаған кіреберістің кірпіштен қаланғанын, темір есіктің қисайып қалғанын көруге болады. Оқиға 2016 жылы мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған 18 пәтерлі екі қабатты үйлердің бірінде болған. Құрылысты салған мердігер -«Лира» ЖШС.

«Түнде темір есік ашық болған, жел қатты ұйытып соққанда кіріберістің қабырғасы ішінара құлады. Аққайың ауданының құрылыс бөлімі мен »Лира« ЖШС арасындағы 2016 жылы жасалған шартқа сәйкес, залалды жою туралы мердігер ұйымның басшылығына жүгіндік. «Лира» ЖШС тамбурды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге міндетті», - деді Аққайың ауданы әкімдігінің өкілі.

Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәлім етуінше, оқыс оқиға төтенше жағдай санатына жатпайды.

«Ғимараттың конструкциялық элементтері зақым келмеген», - деп мәлім етті.

Сол күні өңірде желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жететіндегі туралы дауылды ескерту жасалған.

Жоғары қарай