Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да үздік кинологты таңдады

2016 жылдың 17 қазан 2016 08:16

АСТАНА. ҚазАқпарат- Петропавлда кинологтар арасындағы облыстық чемпионатта ЕЦ-166/1 мекемесінің қызметкері Жомарт Қадыров пен оның Шило есімді иті үздік нәтиже көрсетті. Бұл туралы СҚО бойынша Қылмыстық атқару жүйесінің департаментінен хабарлады.

«Құқық қорғау органдары саласындағы кинологтар арасындағы чемпионат Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлауға арналды. 20-дан астам арнайы үйретінген ит түрлі сындар мен кедергілерден өтіп, есірткіні іздеу және іздері арқылы қылмыскерді ұстау бойынша мүмкіндіктерін көрсетті», - деді СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкері Қанат Сүлейменов.

ҚАЖ департаментінің намысын ЕЦ-166/1 мекемесінің кинологі әділет сержанты Жомарт Қадыров қорғады. Ол Шило есімді қызметтік итімен жеке сында үздік нәтиже көрсетіп, грамота, медаль және кубокпен марапатталды.

Жоғары қарай