Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да тұрғындардың орташа айлық шығыны шамамен 24 пайызға өсті

2021 жылдың 23 қыркүйек 2021 21:18

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында тұрғындардың күнделікті шығыны артқан. Қазір бір адам айына 76 мың теңге жұмсайтын болған, бұл былтырғыдан 23,6 пайызға артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық статистика бюросының СҚО департаментінің мәліметінше, үй шаруашылықтарын зерттеу деректеріне сәйкес биылғы ІІ тоқсанда орташа жан басына шаққандағы халықтың ай сайынғы ақшалай шығысы 76,3 мың теңгеге жеткен. Бұл өткен жылдан 23,6 %-ға артық.

«Бұл ақшаның ең үлкен үлесі – 89,9 %-ы тұтыну шығысы. Оның жартысынан астамы азық-түлікке жұмсалады. Ал 27,9 %-ы азық-түлік емес тауарларын сатып алуға, 13,9 %-ы ақылы қызметтерге кетеді. Материалдық көмекке, алиментке, несие мен қарызды өтеуге, салыққа 10,1 % жұмсалады», - делінген хабарламада.

Азық-түлікке жұмсалатын қаражаттың үлкен бөлігі – 26,9 %-ы ет және ет өнімдерін, 17 %-ы жарма өнімдерін алуға жұмсалады. Ал азық-түлік емес тауарлар тобында 21 %-ын киім мен аяқ киім алған. Қалалықтар бұл мақсатқа 5 %-ға артық қаражат жұмсайды.

Ақылы қызметтер шығыстарында қаражаттың 35,1 %-ы тұрғын үй-коммуналдық қызметтер ақысына, тұрғын үйді күтіп ұстау мен жөндеуге, 30,7 %-ы көлік және байланыс қызметтеріне, 7,6 %-ы білім беруге жұмсалады. Қалалықтардың ақылы қызметтерге жұмсаған ақшалары ауылдықтардың шығысынан 1,7 есе асып түскен.


Жоғары қарай