Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да тұрғындар көлік салығы бойынша 467 млн теңге қарыз

2020 жылдың 29 қазан 2020 20:45

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында 11 мың адам салық амнистиясын пайдаланып, 180 млн теңге негізгі қарызын жапты. Нәтижесінде олардың 20 млн теңгеге жуық өсімпұлы кешірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавлдағы «ANTIKOR» орталығында СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Төлеген Қабдушев жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық жайында түсінік берді.

Оның айтуынша, СҚО-да 92 мың жеке тұлғада 136 мың көлік бар. Олардың 10 мыңға жуығы заңға сәйкес салықтан босатылған.

«ҰОС ардагерлері және жеңілдіктері бойынша соларға теңестірілген ардагерлер, басқа мемлекеттердің аумағында соғысқан майдангерлер, көпбалалы аналар, «Батыр аналар», «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері, мүгедектер көлік салығынан босатылған», - дейді Төлеген Қабдушев.

Биылғы 9 айдың ішінде 642 млн теңге салық түскен. Қазір 21 мың солтүстікқазақстандық 467 млн теңге қарыз.

«25 тамыздан елімізде жеке тұлғаларға салықтық амнистия қарастырылған. Осының аясында азаматтар мүлік, жер және көлік салығының негізгі қарызын жапқан жағдайда, өткен жылдардағы өсімпұл кешіріледі. Бұл мүмкіндік жыл аяғына дейін берілді. Бүгінге дейін оны 11 мың солтүстікқазақстандық қолданды. Олардың көлік салығы бойынша 19,7 млн теңге өсімпұлы кешірілді», - деді департамент басшысы.

Армениядан әкелініп, тіркелген көліктердің иелері де салық төлеуге міндетті. СҚО-да 1 маусымнан бастап 336 автокөлік тіркелді.


Жоғары қарай