Ауа райы
Астана -24 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да тұман түсіп, көктайғақ болады

2019 жылдың 18 қазан 2019 12:26

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының аумағында ауа райының қолайсыздығына байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

19 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде оның екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Сол күні Петропавл қаласында түнде көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Жоғары қарай