Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да төрт күнде 224 жүргізуші жауапқа тартылды

2019 жылдың 25 қазан 2019 23:15

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысын «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, операцияға 159 патрульдік полицей, 153 учаскелік инспектор және басқа қызметтердің 64 тәртіп сақшысы қатысты, яғни полицияның барлық күш пен құралдары жұмылдырылды. Облыс жолдарында 111 бекет пен автопатрульдер қойылды.

СҚО Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Думан Таевтың айтуынша, жедел-профилактикалық іс-шараның мақсаты - жол қозғалысы қатысушыларының арасында жолда жүру тәртібін арттыру, жолда жүру ережелерін бұзудың алдын алу, жол-көлік оқиғаларын болдырмау. Ауа райының суытуына байланысты полицейлер жүргізушілерді көлік құралдарының техникалық жағдайына назар аударып, дөңгелектерін уақтылы ауыстыру қажеттігін ескертті.




«Төрт күні ішінде СҚО жолдарында жолда жүру ережесін бұзудың 1580 дерегі анықталды. Көлікті масаң күйде тізгіндеген 37 жүргізуші ұсталды. Қауіпсіздік белдігін пайдаланбағаны үшін - 200, сондай-ақ жылдамдықты асырғаны үшін 224 жүргізуші жауапқа тартылды.Ең көп ереже бұзғандар - жүргіншілер, шамамен 300-ге дерек анықталы», - дейді Думан Таев.




Жоғары қарай