Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

СҚО-да тергеу изоляторына экскурсия ұйымдастырылды

2020 жылдың 28 қаңтар 2020 01:48

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жергілікті басқарушы органдардың жетекшілеріне тергеу изоляторына саяхат ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандарының мәліметінше, бүгінде пара алып ұсталған шенеуніктер лауазымына, атқаратын қызметіне қарамастан заң алдында жауап береді.

«Бүгін біз жергілікті атқарушы органдардың жетекшілеріне сыбайлас жемқорлыққа бару, пара алудың немен аяқталатынын іс жүзінде көрсетуді мақсат еттік. Облыс әкімінің бастамасымен тергеу изоляторына экскурсия ұйымдастырдық. «Ескерту» саяхаты барысында тергеліп жатқан бұрынғы әріптестерін көріп кетеді», - дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің СҚО бойынша жетекшісі Ернар Баянғазин.

Ведомство алдын алу жұмыстарын жиі өткізіп тұрады. Превентивтік тәсілдердің бірі – сыбайлас жемқорлыққа жол берген әкімдіктің лауазымды қызметшілеріне қатысты сот отырыстарының барысын мемлекеттік құрылымдардың жетекшілеріне жеткізіп отыру.

«Ешкім жылы, әрі жайлы төсегін бүгін өздеріңіз көрген керуетке айырбастығысы келмейді. Бостандықтан айыру мекемелеріндегі жағдайды өздеріңіз көріңіздер. Ата-ана, балалар туралы да ойлау қажет», - деп қорытындылады өз сөзін Ернар Баянғазин.

Бүгін СҚО-дағы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мекемесі басшылығының сыбайлас жемқорлық бойынша күдікке ілінгендігін айтқан едік. Мекеме басшысы мен бөлім басшысына «жүйелі түрде пара алды» деген айып тағылды.



Жоғары қарай