Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да сүт зауытына 4,8 млрд теңге инвестиция тартылып, жаңадан 85 жұмыс орны ашылды

2021 жылдың 12 тамыз 2021 21:28

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында сүт зауыты жаңғыртылып, нәтижесінде жаңадан жұмыс орындары ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, «Маслодел» брендінің кәсіпорнын жаңғыртуға 4,8 млрд теңге инвестициялық қаржы тартылды. Нәтижесінде сүт зауытында 2 литрлік ыдыстарға құйылған сүт және қаймақ пен айран шығаратын жаңа желі іске қосылды. Осылайша жаңғыртудан кейін кәсіпорынның қуаты жылына 87 мыңнан 119 мың тоннаға дейін өсіп отыр. Қосымша 85 жаңа жұмыс орны ашылды.

«Біз өндірген барлық өнімді өңдеуге ұмтылуымыз керек, бұл өз нарығымызды қамтамасыз етуге және экспортты ұлғайтуға мүмкіндік береді. Былтыр сүт өндіру көлемі 597 мың тоннаға дейін өсті. 2016 жылы өңдеуге барлық шикізаттың 34,2 %-ы немесе 180 мың тонна ғана жіберілді. Ал былтыр ол 319 мың тоннаға дейін ұлғайды, өндірілетін сүттің 53,5 %-ы өңделді. Яғни, 5 жыл ішінде сүтті өңдеу үлесі 20% өсті», - дейді кәсіпорынды аралаған СҚО әкімі Құмар Ақсақалов.




Бұл салада 5 жылда 400-ден астам жұмыс орны ашылды. Жыл сайын бюджетке 500 миллион теңгеден астам салық түседі.

«Сүт өнімдерін өндіру мал шаруашылығын белсенді дамытуға көмектеспек. Облыста жалпы өндіріс қуаты 57 мың тонна болатын 16 сүт кешені салынып жатыр. Жыл соңына дейін олар іске қосылады. Жалпы, 2026 жылға дейін 52 сүт-тауар фермасы салынады, онда жылына 160 мың тонна сүт өндіріледі», - деді Құмар Ақсақалов.








Жоғары қарай