Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да скутер мінген жігіт бағанға соғылып көз жұмды

2021 жылдың 19 қазан 2021 21:25

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында скутер мінген екі жігіт электр бағанына соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 19 қазанға қараған түні Тайынша ауданының орталығында болған. «PEDA» скутеріне мінген 19 жастағы жергілікті тұрғын рульге ие бола алмай қалып, электр тарату желісі бағанына соғылған. Салдарынан жігіт апат орнында мерт болды. Оның 21 жастағы жолаушысына дәрігерлердің көмегі қажет болды, кейін үйіне жіберілді.

Бұл факті сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне «Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша енгізілді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

СҚО-да тоғыз ай ішінде 23 адам қаза тауып, 163 адам жарақаттанған 122 жол-көлік оқиғасы тіркелді.


Жоғары қарай