Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

СҚО-да шетелдік нөмірлі 60 автокөлік арнайы тұрақтарға қойылды

2021 жылдың 19 қараша 2021 16:30

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында тек соңғы екі жылда айып тұрағына өзге елдердің нөмірлері бар 60 автомобиль қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, айып тұрағына қойылған көліктердің жетеуі – Ресейден айдап әкетілген көліктер тізімінде болған. Кейбір көліктерге шетелде шектеу қойылғандықтан айып тұрағында тұр. Мысалы, «BMW X-5» көлігінің нақты иесіне Ресейде мүлік тыйымы салынғандықтан, тамыз айында Петропавл тұрғыны көлігінен айырылды және мұндай оқиғалар жиі кездесіп те жатыр.

«Сонымен қатар, айып тұрағына Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында тоқтатылған көліктер қойылады. Бұл көліктер заңнаманы бұза отырып ресімделген. Олардың көбісін жалған құжаттармен кіргізбекші болған, кейбіреуінің vin-коды қайта соғылған. Жерлестеріміздің біразы шетелде «ұқсасы» бар көлікті тізгіндеп жүр деуге негіз бар», - дейді СҚО ПД анықтау басқармасы бастығының орынбасары Жеңіс Темірбеков.

Келесі бір қауіп қазақстандықтар «конструктор» деп атап кеткен көліктерге қатысты. Күрделі жол-көлік оқиғасынан кейін автомашиналардың қосалқы бөлшектерінен көлік құрастырылып, сатылады. Оларды да жалған құжаттар бойынша сатады. Полицейлер шетел көлігін сатып алар кезде автомобильдердің және агрегаттардың (vin-код, шанақ, қозғалтқыш, шасси және т.б.) сәйкестендіру нөмірлерін тіркеу құжаттарында көрсетілген мәліметтермен салыстыруға, шектеулер қойылғанын, не қойылмағанын, жалпы тарихын тексеруге кеңес береді.

Жалпы СҚО-да тек оңғы екі жылда шетелдік нөмірлері бар 60 автокөлік айып тұрақтарына қойылды.


Жоғары қарай