Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да Президент Жолдауы аясында жоспарланған шаралардың 26% орындалды

2021 жылдың 24 қыркүйек 2021 19:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында жоспарланған 1134 іс-шараның 26% орындалды. Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыран Байбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар нысандарын араладым.⠀Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша біз әр облыста, қалада және ауданда сайлауалды уәделерді орындау бойынша 217 жол картасын бақылаудамыз.⠀

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жария еткен «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы өңірлерде 14%-ке іске асырылды. Жыл басынан бері 9 млн. шаршы метрге жуық тұрғын үй салынды, 131 мектеп, 70 балабақша және 22 медициналық нысан ашылды. 200 мыңнан астам адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды. 837 млрд теңгеге инвестиция тарту арқылы 89 кәсіпорын іске қосылды»,-деп жазды партия төрағасының орынбасары.

Оның сөзінше, Солтүстік Қазақстан облысында жоспарланған 1134 іс-шараның осы күні 26%-ті орындалды. Мәселен, биыл 10 сүт-тауар фермасы іске қосылады, 13 мың басқа арналған 2 бордақылау алаңы, 2 құс фабрикасы салынады және т. б.⠀

Ел азаматтарының 40%-тен астамы ауылда тұратынын ескере отырып, Елбасының «Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылды дамыту, ауыл тұрғындарының өмірін жақсарту үшін жағдайлар жасалып жатыр. ⠀

«Сондықтан партия филиалының төрағасы, облыс әкімі Құмар Ақсақаловпен бірге Айыртау ауданындағы «Әдемі Астық» ЖШС-ның құны 1 млрд. теңгеден асатын сүт-тауар фермасы құрылысының барысымен таныстық. ⠀

Шаруа қожалығы орналасқан ауылдың тарихы қызық. 2004 жылы халықтың үдере кетуіне байланысты Прекрасное ауылының шын мәнінде тіршілігі тоқтап қалды. 2011 жылы «Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихаттың депутаты Бақыт Құсайынов ауылға оралып, мал өсіруге кірісті. Жобаның табыстылығын ескере отырып, депутат жұмыс күші артық өңірлерден қоныс аудару бағдарламасын белсенді қолдай бастады. Қазіргі кезде 14 үй салынды, тағы 10 үйдің құрылысы жүріп жатыр.⠀

Біздің Сайлауалды бағдарламамыздың аясында бұл бағыттағы жұмыстар күшейтілетін болады. Ол үшін «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша келген жас мамандарға тұрғын үй сатып алуға жеңілдікпен несие бөлінеді. Сондай-ақ, өңірлердің деңгейінде жас отбасылардың тұрғын үй проблемаларын шешу үшін бағдарламалар әзірленеді. Жалпы, еліміз бойынша жыл сайын 700 мыңға жуық адам жұмыспен қамтудың белсенді түрлерімен қамтылады»,-деді Бауыржан Байбек.


Басты сөздер: Жолдау, Жолдау 2021, Партиялар,
Жоғары қарай