Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

СҚО-да парақорлар мемлекетке жарты млрд теңге шығын келтірді

2020 жылдың 2 шілде 2020 13:10

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің жетекшісі Ернар Баянғазин тікелей эфирде ведомствоның өткен жарты жылдағы жұмысын қорытындылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының сөзіне қарағанда, сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын алуға басымдық берілді. Департамент мамандары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сыртқы талдауларын жасайды, сондай-ақ жобалық кеңселер, арнайы бақылау топтары жұмыс істеп жатыр.

«Біздің бастамамызбен тоқсан сайын тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейін анықтау мақсатында сауалнама жүргізіледі. Бірінші тоқсанда біз бір мыңға жуық солтүстікқазақстандықты қамтыдық. Олардың көпшілігі өңірдегі сыбайлас жемқорлық жағдайын орташа деңгейде деп бағалады. Қазір біз екінші тоқсан бойынша сауалнама жүргізбекпіз», - дейді Ернар Баянғазин.

Осындай ауқымды алдын алу жұмысының жүргізіліп жатқанына қарамастан департамент 54 қылмысты тіркеді. Оның 37-сі, яғни 69% пара алуға қатысты.

«Мемлекеттік органдардың 5 басшысын ұстадық. Оның біреуі облыстық, үшеуі аудандық және бір-бірден қалалық, ауылдық мекемелердің жетекшілері. 84 қылмыстық іс өндіріспен аяқталды. Оның 36-сы сотқа жіберілді. 12 тұлға сотталды. Оның алтауы жазасыз колонияда өтейді, бесеуіне айыппұл салынды және біреуінің бас бостандығы шектелді. Аяқталған қылмыстық істер бойынша мемлекетке 458,2 млн теңге шығын келтірілгендігі анықталды. Оның 452 млн теңгеге жуығы қайтарылды», - дейді ведомство жетекшісі.


Жоғары қарай