Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да өткен тәулікте коронавирустан 5 адам қайтыс болды

2021 жылдың 27 қазан 2021 12:31

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында өткен тәулікте коронавирусты 147 адам жұқтырып, ауыр халде жатқан 5 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта өңірде 3 мыңға жуық адам дәрігерлердің қарауында. Науқастардың 787-сі инфекциялық стационарларда, 51-і жансақтау бөлімшелерінде емделіп жатыр. Тағы 25-і карантинге алынған.

Мамандардың айтуынша, күннің суытуына байланысты жедел респираторлық вирустық инфекция жұқтырғандар саны артқан. Өткен тәулікте өңірде 1 720 адам ПТР тест тапсырған. Олардың әр 11-іншісінде, яғни 147 адамда коронавирус анықталды.

Қазіргі уақытта коронавирусты жұқтырғандар саны 28 012 адамға жетті, тәуір болғандар саны – 24 798. Қауіпті инфекциядан қайтыс болғандардың саны да артқан. Тек өткен тәулікте 5 адам көз жұмып, қайтыс болғандар саны 249 адамға жетті.



Жоғары қарай