Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да мүгедектерге тегін қызмет көрсететін көлік жуу орталығы ашылды

2021 жылдың 11 маусым 2021 16:54

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында мүмкіндігі шектеулі жандарға және 75 жастан асқан жүргізушілерге тегін қызмет көрсететін алғашқы көлік жуу орны ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавлда ашылған көлік жуу орталығы мүмкіндігі шектеулі жандарға және жасы 75-тен асқан жүргізушілерге айына бір рет тегін қызмет көрсетеді.

Орталықтың әкімгері Дарья Сильченконің айуынша, бұл жүргізушілерге жақсы жеңілдік. Жалпы автомобильді толық жуу Петропавлда 2 мың теңге тұрады.

СҚО-да мүмкіндігі шектеулі 26 мыңға жуық адам бар. Бүгінде олардың көпшілігі көлікпен жүреді. Мүгедектерге арналған республикадағы алғашқы автомектепті ашқан Сәлімхан Сәбитов та солардың қатарында. Ол бүгін алғашқылардың бірі болып тегін көлік жуу қызметін пайдаланды.

«Қызылжар – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылғалы мүмкіндігі шектеулі адамдарға жақсы жағдай жасалып жатыр. Жаңадан ашылған орталық соның бір дәлелі. Кәсіпкерлер мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсетуге бет бұрып жатыр. Соның ішінде әсемдік салондары мен шаштараздар да бар. Қызметті қазір үйде отырып алуға болады», - дейді «Qyzyljar - adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің жетекшісі Сәлімхан Сәбитов.





Жоғары қарай