Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да мүгедектерге арналған алғашқы «TenQogam»  мобильді қосымшасы  таныстырылды

2021 жылдың 3 желтоқсан 2021 09:57

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «TenQogam» мобильді қосымшасының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық «TenQogam» мобильді қосымшасының көмегімен мүмкіндігі шектеулі жандар өздеріне ұсынылған жеңілдіктер, әлеуметтік қызметтер, заңдағы өзгеріс жайында біліп, кеңес ала алады. Мұнда «кері байланыс» қызметі де бар. Веб-дизайн, тігін ісі бойынша курстардан өтуге, онлайн-тренингтерге қатысуға болады. Сондай-ақ, қоңырау шалу арқылы инватакси шақырып, дәрі-дәрмек жеткізуге және азық-түлік өнімдеріне тапсырыс беруге мүмкіндік бар. Жұмыспен қамту, мүгедектер құқығы сынды онлайн сервистер, жеке бизнесті бастау және оны тіркеу сынды қызмет түрлері де қарастырылған.




«TenQogam» мобильдік қосымшасының авторы - «АРДОС-Жүрек» мүгедектер бірлестігі ЗТБ директоры Ақжан Кәрім. Оның айтуынша, мұндай қосымша әзірге болған емес. Сұраныс бұрыннан болғанымен, оны іске қосудың сәті енді туды.

«Індет мүгедектігі бар адамдарды мүлдем шектеп тастады. Бұл портал барлық санаттағы адамдар мен олардың жақындары үшін пайдалы. Ол қазақ және орыс тілдерінде болады, сондай-ақ, зағип адамдарға арналған нұсқаны да әзірлеп жатырмыз. Өйткені, бұл топқа жататын адамдарға арналған қосымшалар өте аз. Оны компьютер арқылы пайдалану үшін де қосымша сайт іске қосылады. Пилоттық жоба әзірге тек СҚО-да ғана жұмыс істейді. Оны App Store және Play маркеттерінен жүктеп алуға болады. Болашақта оны барлық қазақстандықтар үшін қолжетімді етуді жоспарлап отырмыз», - дейді Ақжан Кәрім.




СҚО-да 26 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адам тұрады. Жоба «Шеврон» компаниясымен және Орталық Азияның Еуразия Қорының қолдауымен жүзеге асырылды. Қосымшаның таныстырылымына Қозыбаев университетінің студенттерін мен өңір белсенділері қатысты. Өйткені қазіргі уақытта жоғары оқу орнында 50-ге жуық мүмкіндігі шектеулі жас білім алып жатыр. Болашақта қосымша авторлары студенттерді жобаны жетілдіруге тартуды жоспарлап отыр.





Жоғары қарай