Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да мониторинг топтары бір айдың ішінде 80-ге жуық тойды таратты

2021 жылдың 16 тамыз 2021 22:51

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында мониторинг топтары шілде айының ортасынан бері карантин шектеуін бұзып, той өткізуге қатысты 76 оқиғаны анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ведомствоаралық мониторинг топтары карантин шектеудні сақтамаушыларды анықтау мақсатында рейд өткізіп жатыр. Өткен демалыс күндері той ұйымдастырған 4 мекеме анықталды.

Мониторинг тобының құрамына жергілікті атқарушы орган өкілдері, волонтер, полицейлер және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері енген. Олар той және басқа да салтанатты іс-шаралар өтуі мүмкін орындарды: дәмханалар, мейрамханалар және жалға берілетін коттедждерді тексереді.

Осындай рейд барысында мониторинг мүшелері өткен демалыс күндері үйлену тойының үстінен түсті. Тойды өткізуге рұқсат берген мекеме иесімен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, әкімшілік іс жиналды.

Петропавлдағы М.Жұмабаев, Батыр Баян және Аяған Шәжімбаев көшелеріндегі дәмхана-мейрамханаларда да шектеулерге қарамастан той өткізген.

«Тойға келген адамдармен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Ал мекеменің иелеріне карантин талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік іс жиналды, материал санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жіберіледі. Жалпы жыл басынан мониторингтік топтар осындай 1044 фактіні тіркеді. Ал 13 шілдеден бастап 76 той тарқатылды», - дейді Петропавл қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің басшысы Рустам Садулов.


Жоғары қарай