Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да мониторинг топтары бір аптада 28 тойды тарқатты

2021 жылдың 21 тамыз 2021 18:46

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында мониторингілеу топтары дәмхана, мейрамхана, той өткізуге жалға берілетін коттедждерді бақылауға алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ведомствоаралық мониторинг топтары тойханаларда, дәмханаларда, жалдамалы коттедждер мен басқа да сауда нысандарында санитариялық нормаларды бұзу деректерін анықтаумен айналысады.

СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаевтың сөзінше, облыста құрамына түрлі мемлекеттік органдардың 160-тан астам өкілі кіретін 24 мобильді мониторинг тобы жұмыс істейді. Оның құрамында әкімдік, полиция өкілдері және қоғамдық көмекшілер мен волонтерлер бар. Тексерістер әр аптаның соңғы күндерім - жұма, сенбі және жексенбі күндері жүргізіледі.

Өткен жұма күні мониторинг тобы Петропавлдағы «Береке» шағынауданында туған күн кешін өткізіп жатқан коттеджді анықтады. Аталған факті бойынша іс-шараны ұйымдастырушыға қатысты әкімшілік материал жиналып, іс санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жіберілді.

СҚО-да жыл басынан шектеу шараларын бұзудың 1059 дерегі анықталды. Оның 28-і соңғы жеті күнде болған. Анықталған 1059 дерек бойынша 941 материал СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жіберілді. 118 материал бойынша полиция қызметкерлері мәліметтер жинақтап жатыр. Санитар дәрігерлер 627 әкімшілік хаттама толтырды. Оның 578-і жеке тұлғаға, 30-ы заңды тұлғаға және 1 лауазымды тұлғаға қатысты, 241 материал тоқтатылды. Тағы 27 материал мамандардың қарауында жатыр.


Жоғары қарай