Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

СҚО-да медициналық нысандағы жөндеу жұмысынан кемшіліктер анықталды

2020 жылдың 28 мамыр 2020 22:57

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында «Qutty meken» ұлттық жобасы аясында мониторингтік топ облыстық фтизиопульмонология орталығындағы жөндеу жұмыстарында кемшіліктерді анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Nur Otan» партиясы СҚО филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, арнайы бақылау тобы облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығында және көпсалалы қалалық ауруханада болды.

Облыстық ЖИТС орталығында зертхана күрделі жөнделіп жатыр. Құрылысшылар 5 тамыз нысанды қолданысқа беруі керек. Жұмыстар әзірше, кестеге сай атқарылып жатыр.

Ал Петропавлдағы көпбейінді қалалық ауруханада 1 қабат пен жертөле күрделі жөнделуі керек. Қазіргі уақытта конкурстық рәсімдердің өтуі күтілуде. Мониторингтік топ мүшелері жөндеу жұмыстарының жылыту маусымы басталғанға дейін аяқталуы қажет екенін атап өтті.

Фтизиопульмонология орталығында мониторинг тобының мүшелері кір жуатын жерді күрделі жөндеп жатқан мердігерде жұмыс кестесінің жоқтығын байқады. Сонымен қатар, нысанда жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастырылған бірде-бір жұмысшы жоқ.





«Кір жуатын орынды компания 2,5 айдың ішінде жөндеп тапсыруы керк. Алайда жұмыс жүргізу кестесі жоқ. Жұмыспен қамту орталығы арқылы олар 8 адамды жұмысқа орналастыруы тиіс еді, іс жүзінде бірде-бір адам жоқ. Адамдар жеке қорғаныс құралдарынсыз жұмыс істейді. Міндеттеме бойынша материалдың 90% қазақстандық болуы тиіс, бірақ кір жуатын орынға қажетті барлық жабдықтар Ресейден әкелінген. Олар өз міндеттемелерін орындамай отыр», - деді мониторингтік топтың жетекшісі Юрий Белоног.

Дәл осындай жағдай фтизиопульмонология орталығының күрделі жөндеуден өтіп жатқан 3 қабатында анықталды. Мұндағы жұмыстарды үш айдың ішінде аяқтаулары тиіс, бірақ жұмыс кестесі жоқ. Құжат бойынша жұмыспен қамту орталығынан 15 адам жұмысқа орналастырылуы тиіс болса, нысанда іс жүзінде тек бір адам ғана еңбек етіп жатыр.

Мониторингтік топ бұл нысандарды назарда ұстайтын болады.








Жоғары қарай