Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

СҚО-да мәдени іс-шараларға сатылған билеттердің ақшасы қайтарылып жатыр

2020 жылдың 14 наурыз 2020 19:57

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында барлық мәдени іс-шаралар тоқтатылып, оларға сатылған билеттердің ақшасы жұртқа қайтарыла бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мәліметінше, театрлар мен концерттік ұйымдар халықты жинап, өз бағдарламаларын ұсынбағанымен штаттық тәртіпте жұмыстарын жалғастыра береді. Облыстың музейлері мен кітапханаларында өтуі тиіс көрмелер, дөңгелек үстелдер мен түрлі кездесулер кейінге қалдырылды. Бірақ бұл нысандар әдеттегідей жұмысын істейді, яғни өңір тұрғындарына есік ашық.

«Барлық көрермендерге алдын ала сатып алған билеттерінің ақшасы қайтарылады. Егер олар электронды касса арқылы алған болса, жұмсаған қаражат есепшоттарына түседі немесе кассадан келіп қолма-қол алуға болады. Ал кассадан билет алғандар өз ақшаларын кассадан келіп қайтарады», - деді басқарма мамандары.

Билеттерді қайтару бойынша және мәдениет саласына қатысты басқа да туындаған сұрақтары болса тұрғындар ведомство арнайы құрған Call-орталыққа 8 (7152) 46-43-92 нөмірімен немесе + 7 747-726-29-00 Whats App желісіне хабарласа алады.


Жоғары қарай