Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

СҚО-да КВИ жұқтырған 23 адамның халі нашар

2022 жылдың 24 қаңтар 2022 12:36

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында өткен тәулікте 1200-ге жуық адам ПТР-тест тапсырса, солардың 178-інде коронавирус расталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 қаңтар күні өңірде 1189 адам ПТР-тест тапсырды, шамамен әр жетінші адамда коронавирус анықталды. 59 сырқат емделіп шықты.

Қазр облыстағы инфекциялық стационарларда 344 сырқат бар, емдеу мекемелері 25 %-ға жүктелген. Тағы 33 сырқат карантинде жатса, жағдайы ауыр 23 адам жансақтау бөлімшелеріне орналастырылған. Өткен тәулікте КВИ-ден қайтыс болғандар тіркелмеді. Десек те, індет басталғалы СҚО-да 460 адам қауіпті инфекциядан көз жұмды.

СҚО – «қызыл» аймақта.

Жалпы індет басталғалы өңірде 36 561 адам КВИ жұқтырса, 34 081 науқас жазылып шықты.


Жоғары қарай