Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да құтқарушылар су тасқынына әзірлік жайын пысықтады

2020 жылдың 31 қаңтар 2020 21:33

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында төтенше жағдайлар департаментінің су тасқынына әзірлігін байқау мақсатында апаттық-құтқару бөлімдерінің күші мен құралының дайындық көрсетілімі ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл көктемде болуы мүмкін су тасқынымен күресу және төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында техникалардың, қондырғылар мен құрылғылардың жағдайы мен талапқа сай болуына баса назар аударылды.







«Бүгін көктемгі су тасқыны бола қалған жағдайда жұмыс істейтін бөлімшелердің әзірлігі тексерілді. Жалпы бұл жұмыстарға қажет болған жағдайда 264 адам, 50 техника, 70-тен астам су сорғыштар мен мотопомпалар және кез-келген уақытта көмек көрсетуге әзір 8 жүзу құралы дайын», - деді СҚО ТЖД бастығының орынбасары Ерік Сарыбаев.







Облыс аумағында тасқын су күшейген жағдайда өңірде дислокацияланған Ұлттық Ұлан бөлімшелерінен 60 адам мен 4 арнайы техника, облыстық полиция департаментінен 160 адам мен 100 техника халыққа көмекке келеді. Бұдан басқа ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар бойынша Комитеттің жеке жоспары бойынша өңірге көрші облыстардан қосымша күш пен құрал жұмылдырылады.

Мамандардың есебінше, СҚО-да көктемде су басу қаупі жоғары 90-нан астам елді мекен бар.









Жоғары қарай