Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да қорық аумағында заңсыз елік атқандар ұсталды

2021 жылдың 15 қыркүйек 2021 14:37

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында Согров қорығында екі елік атып алған браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 қыркүйек күні табиғатты қорғау полициясының аға инспекторы, «Көкшетау» ұлттық табиғи парктің инспекторы және Қызылжар ауданындағы Согров қорығының бас қорықшысы қорық аумағына түнде рейдке шығып, мылтық дауысын естиді. Браконьерлерді ұстау үшін бөлініп, орман ішін сүзеді. Нәтижесінде сібір елігін сойып жатқан үшеудің үстінен түседі. Сол жерде тұрған «Toyota Prado» көлігінің жүк салғышында тағы бір аңның еті болған.

Бұл дерек «Заңсыз аңшылық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдікті үш адам ұсталды. Олардың екеуі – 52 және 39 жастағы петропавлдық, біреуі 51 жастағы Мамлют ауданының тұрғыны. Олардан 308 калибрлі «Steyr Mannlicher» ойық ұңғылы карабин алынды.




«Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері мұндай рейдке жиі шығып тұрады. Мақсат заңсыз аң аулау фактілерінің алдын алу және балық аулау тәртібінің бұзылуына жол бермеу. Іс-шараға мүдделі мекемелердің өкілдері де қатысады. Жыл басынан облыста заңсыз аң аулауға қатысты 10 дерек тіркеліп, аң аулау тәртібін бұзудың 405 жағдайы тіркелді», - дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау полициясы тобының аға инспекторы Асхат Қожабаев.





Жоғары қарай