Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да коронавирустық инфекцияға шалдығу оқиғаларының саны екі есеге азайды

2021 жылдың 11 маусым 2021 21:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус инфекциясына шалдығу оқиғаларының саны екі есеге азайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауруға шалдыққан аймақ тұрғындарының басым бөлігін 60 жастан асқан адамдар құрайды.

Солтүстік Қазақстан облысында ағымдағы аптаның төрт күнінде КВИ жұқтырудың 62 жаңа жағдайы тіркелді. Өткен аптаның сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш екі есе төмендеген.

Барлық жағдайлардың 88%-ы эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша анықталғандығын атап өткен жөн.

Өткен тәулікте СҚО-да КВИ-дің 21 жаңа жағдайы тіркелді. Аталмыш жағдайлардың 18-де ауру белгілері байқалса, 3-де белгі байқалмаған.

Коронавирустық инфекцияны жұқтырғандардың негізгі үлесін 60 жастан асқан адамдар (жергілікті халықтың 30%), 50-59 жас аралығындағы адамдар (жергілікті халықтың 18%) құрайды.

Өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға берілген бағаға сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы 3 маусымнан бастап «жасыл» аймақта. Соңғы тәулікте өңірде 30-дан астам адам коронавирустық инфекциядан айыққан.


Жоғары қарай