Ауа райы
Астана -15 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да қоныс аударушыларға сапасыз салынған үйлер үшін әкім жазаланды

2020 жылдың 20 қараша 2020 11:01

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында Аққайың ауданының әкімі қоныс аударушыларға арналған үйлердің нашар сапасы үшін жазаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО әкімі Құмар Ақсақаловтың тапсырмасымен Аққайың ауданында жүргізілген қызметтік тексеру аяқталды. Тексеру жұмыс күші көп өңірлерден қоныс аударушыларға арналған жеке тұрғын үйлердің сапасына қатысты өтті. Нәтижесінде баспана құрылысында жіберілген олқылықтар уақытында жойылмағаны үшін аудан әкімі Рустем Елубаев қатаң сөгіс алды. Жаңадан салынған үйлерде табылған олқылықтар белгіленген мерзімде жойылуы қажет.

Ресми мәліметте, өңір басшысының аудан әкімдері мен мемлекеттік органдардың басшыларына жауапкершілікті еске салып, қызметтерінен босатылатындығын ескерткендігі айтылған.

Бұған дейін Аққайың ауданына оңтүстік өңірлерден көшіп келген тұрғындар әлеуметтік желіде үйлерінің сапасыз салынғанын, суық екенін айтып шағымданған еді. Сөздеріне қарағанда, аудан әкімі олардың мәселесіне мән бермеген.


Жоғары қарай