Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

СҚО-да колония аумағына бірнеше ұялы телефон кіргізбек болған көлік жүргізушісі ұсталды

2022 жылдың 15 қаңтар 2022 19:40

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысындағы қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЕС-164/3 мекемесіне ұялы телефондар мен сим-карталар енгізбек болған көлік жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, департаменттің ведомстволық бағынысты мекемелері тұрақты негізде колониялар аумағына тыйым салынған заттардың өтуіне жол бермеу мақсатында жедел-алдын алу іс-шараларын өткізеді. Осындай бір тексерістердің нәтижесінде ЕС-164/3 мекемесіне кірмек болған көліктің кабинасынан 3 ұялы телефон мен 2 сим-карта табылды. Түзету аумағындағы жеке кәсіпкерліктердің бірінің көлік жүргізушісі оны оны жазасын өтеп жатқандарға беруге алып өтпек болған.

Ер адам кінәсін мойындап, телефондарды сотталғандарға белгілі бір мөлшердегі сыйақыға бермек болғанын айтты. Ол өз еркімен тағы 1 ұялы телефон мен 2 сим-картаны берді.

Ұсталған ер адамға ҚР ӘҚБК 481-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Телефондар, сим-карталар мемлекет пайдасына тәркіленді.

Жалпы ЕС-164/3 мекемесі аумағында 3 жеке кәсіпкерлік субъектісі және 3 жауапкершілігі шектеулі серіктестік жұмыс істейді.


Жоғары қарай