Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да көктемгі егіс науқаны басталды

2021 жылдың 14 мамыр 2021 16:32

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат –Солтүстік Қазақстан облысында көктемгі егіс науқаны басталды. Биыл өңір 4,3 млн га алқапқа дән екпек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, 3 млн га дәнді, 0,9 млн га майлы дақыл себілмек. 330 мың га жем-шөп, 32 мың га – картоп және 6,1 мың га-ға көкөніс егіледі.

«Импортты алмастыру мақсатында ауыл шаруашылығы министрлігінің ұсынымдарына сәйкес және аудандардың мәліметтеріне сүйенсек, биыл қарақұмық 10 мың гектарға егіледі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,4 есе артық. Былтыр қарақұмық алқабы 4,2 мың га құрады», - дейді СҚО әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бас маманы Нарғыз Ақжігітова.

Өңірде шаруашылықтар көктемгі егіс науқанын бастап кетті.

«Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС ұсынымдарына сәйкес, дәнді дақылдарды себудің оңтайлы мерзімдері 13 мамырдан 5 маусымға дейін, дәнді-бұршақты және майлы дақылдар 12 мамырдан 28 мамырға дейін, картоп 15 мамырдан 31 мамырға дейін белгіленген. 14 мамырдағы жағдай бойынша 50 мың га алқапқа дәнді дақылдар мен көкөніс егілді», - дейді Нарғыз Ақжігітова.

Биылғы егіс науқанын жүргізуге 13 мың трактор, 15 мың астық сепкіш, 1200 заманауи өнімділігі жоғары егіс кешендері тартылып отыр.


Жоғары қарай