Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да кей тұрғындар санақ қызметкерлеріне есік ашпай жатыр

2021 жылдың 19 қазан 2021 13:52

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында ұлттық санақ тиісті деңгейде өтпеуі мүмкін, кей тұрғындар интервьюерлерді үйлеріне кіргізбей қойған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Он жылда бір рет өтетін ұлттық санақтың аяқталуына 11 күн қалды. СҚО-да санақ қызметкерлері үй-үйді аралау барысында қиындықтарға тап болып жатыр. Тұрғындардың бірі мүлде есік ашпаса, енді бірі онлайн-санақтан өткендігі туралы хабарламаны көрсетуден бас тартқан. Осыған орай өңір басшысы Құмар Ақсақалов бүгін тұрғындарға үндеу жариялады. Әкімнің айтуынша, облыста 300 мыңға жуық адам қамтылды, оның ішінде 173 мың тұрғын санақты онлайн форматта өтті. Бұл жұмысты 500-ден астам интервьюер атқарып жатыр.

«Сіздердің әрқайсыңыз бұл науқанның маңыздылығын толық түсінуіңіз керек. Халық санағы мемлекеттік басқаруда шешуші рөл атқарады. Ол әр 10 жыл сайын өтеді. Бүгінде бұл әлемнің көптеген мемлекеттерінде елдің бірыңғай портретін жасаудың жалғыз құралы. Ақпарат көзі - халықтың өзі. Елімізде халық санағын өткізу демографиялық және әлеуметтік-экономикалық ақпаратты алуға мүмкіндік береді.

Санақ нәтижелері экономикалық болжауға, әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеуге, құрылыстың және басқа да салалардың даму жолын анықтауға қолданылады. Бір сөзбен айтқанда, мұның бәрі азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін жасалып отыр. Мен облыс тұрғындарын халық санағына белсенді қатысуға шақырамын», - деді Құмар Ақсақалов өз үндеуінде.

Бүгінде сауда үйлерінің, дүкендердің, мемлекеттік мекемелер мен базарлардың аумағында санақтан өту үшін 88 арнайы орын ашылған. Санақ жүргізушілердің үйге келуін күтпей, санақ орнына келіп, мәліметтерді тапсыруға болады.


Жоғары қарай