Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 36 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

СҚО-да кәсіпкер көшелерді дезинфекциялауға көмек көрсетпек

2020 жылдың 3 сәуір 2020 02:54

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат –Қызылжар ауданында тұратын кәсіпкер ауыл-қала көшелерін дезинфекциялау жұмыстарына көмек көрсетпек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қауіпті індетпен күресуде өңірдің кәсіпкерлері қолдарынан келгенше көмектесуге әзір. Солардың бірі - Қызылжар ауданының жеке кәсіпкері Александр Морозов. Оның бүріккіш құралдары бар. Бұл құралдармен халық көп жүретін орындарды, аялдамаларды өңдеуге болады.

«Мендегі бүріккіш аккумулятордың көмегімен жұмыс істейді. Қуатты құрылғымен 400-500 шаршы метр жерді дезинфекциялауға болады. Өз көлігім бар. Қала-ауылда зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізуге әзірмін», - дейді Александр Морозов.

Оның айтуынша, қолдағы бар екі бүріккішпен 1 минуттың ішінде бір аялдаманы толық зарарсыздандырып шығуға болады екен.

«Біздің арнайы қызметтердің қандай зарарсыздандырғыш препараттармен жұмыс істеп жатқанын білмеймін. Біз мұндай індетке дайын болған жоқпыз. Сол себепті кей жұмысшылардың қолындағы бүріккіштер шағын ғана, онымен үлкен аумақты дезинфекциялау қиын. Мені тиісті препаратпен қамтыса, қатарларына қосылар едім», - дейді жеке кәсіпкер.

Қосымша қорғаныш заттарымен, киіммен қамтыса, өз қызметкерін де бұл жұмысқа шығаруға дайын.

«Морозов» ЖК тұрғындардың кілем, жиһаздарын химиялық кәсіби тазартумен айналысады. Қазіргі уақытта өңір тұрғындарынан, мейрамханалар, мейманхана мен дәмханалардан түсетін тапсырыс азайған.

«Бизнес-Бастау» бағдарламасының түлегі, Қызылжар ауданының тұрғыны Думан Исин қоян өсіруді қолға алған. Ол да дезинфекция жұмыстарын жүргізуге әзір.


Жоғары қарай