Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да Ғ.Мүсірепов атындағы ауданға жаңа әкімі тағайындалды

2021 жылдың 14 қазан 2021 13:24

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданға жаңа әкім тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның жаңа басшысын таныстырды.

Бұл қызметті енді Серiк Мұхамедиев атқарады. Серік Мақсұтұлы 1965 жылы Шығыс Қазақстан облысы Көкпектi ауданы Биағаш ауылында дүниеге келдi. Бiлiмi жоғары, 1989 жылы инженер мамандығы бойынша Өскемен қаласының құрылыс-жол институтын аяқтаған.

Еңбек жолын 1989 жылы Алматы қаласының 2562 Автотiзбектi пайдалану бөлiмiнiң басшысы болып бастады. 1991-2010 жылдар аралығында сауда және бизнес салаларында экономист, сауда-саттық бөлiмiнiң басшысы, бірнеше компанияның директоры болып жұмыс істеді.

Мемлекеттiк қызметке 2010 жылдың шiлдесiнде келді. СҚО жолаушылар көлiгi және автомобильдер жолдары басқармасында жоспарлау және сметалық-шарттық жұмыстарды жүргiзу бөлiмiнiң бас маманы, жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру бөлiмiнiң бастығы, басқарма басшысының орынбасары лауазымдарында 2016 жылға дейін қызмет атқарды.

Бұған дейін СҚО әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болды.


Жоғары қарай