Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

СҚО-да экологиялық акция кезінде жүзге жуық адам жағалауды қоқыстан тазартты

2020 жылдың 5 маусым 2020 21:01

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай «Таза жағалау» экологиялық акциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Табиғатты қорғау жолында қызмет атқарып жүрген бірнеше мекеме мамандары бүгін дәстүр бойынша экологиялық акция ұйымдастырды. Петропавлдың іргесіндегі Пестрое көлінің басына жиналған қызметкерлер жағаны демалушылардан қалған қоқыстан тазартты.

«Бұл акция бізде дәстүрлі. Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай жыл сайын түрлі акциялар, сенбіліктер өткіземіз. Биыл экологиялық акцияға пандемияның салдарынан алғаш рет шығып тұрмыз. Адам көп келетін жағалауды қоқыстан тазартпақшымыз. Жалпы, Пестрое көлінің маңындағы қоқысбұрынғыдай емес, азайған. Бұл - демалушылардың мәдениетінің артқандығының белгісі. Өңір тұрғындарын қоршаған ортаны ластамауға, табиғатты аялауға шақырамын», - дейді СҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы Андрей Славный.




«Таза жағалау» акциясына жүзге жуық маман қатысты. Бұл күні жағалаудан жиналған қоқыс көліктерге артылып, қоқыс полигондарына жөнелтілді.

Жалпы, СҚО-да 460 қатты қалдық полигоны болса, соның тек 17-сі ғана талапқа сай ресімделген.












Жоғары қарай