Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да екі басқармаға жаңа басшы тағайындалды

2021 жылдың 27 қазан 2021 12:34

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында құрылыс, сәулет және қала құрылысы, сондай-ақ энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармаларына жаңа басшылар тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқармалардың жаңа басшыларын әкімдік отырысында өңір басшысы Құмар Ақсақалов таныстырды.

Бұдан былай СҚО әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасын Қайролла Ғалеев басқарады.

Қайролла Төлеуұлы 1967 жылы Мағжан Жұмабаев ауданның Чистовский ауылында дүниеге келген. Ақмола ауыл шаруашылығы институтын инженер-механик, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін қаржыгер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Талай жыл Петропавл қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Бүгінгі тағайындауға дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет етті.

Ал Бақыт Ілиясов СҚО әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Бақыт Ботажанұлы 1984 жылы Қызылжар ауданының Подгорное ауылында дүниеге келген.

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша бітірді.

Бүгінгі тағайындауға дейін СҚО әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет етті.



Жоғары қарай